$485.04 €525.98 ₽5.04
×

Иракта «Ислам мемлекеті» басшыларының бірінің көзі жойылды

AstanaTV
24.06.2015ж. 10:00
1152
Иракта «Ислам мемлекеті» басшыларының бірінің көзі жойылды

Иракта «Ислам мемлекеті» басшыларының бірінің көзі жойылды. Бұл ақпаратты Пентагон да растап отыр. Қаза тапқан Әли Авни әл-Хазри Ливияның Бенгази қаласындағы АҚШ елшілігіне шабуыл жасағандардың қатарында болған. Рейтерстің ақпаратына сәйкес, әл-Хазри Ирак пен Сирияға сырттан келген содырлардың жүріп тұруын қадағалаған. Ол 15-ші маусымда Мосул қаласына шабуыл кезінде қаза тапты. Пентагонның ақпаратына сәйкес, әл-Хазридің өлімі Ирак пен Сирияға содырлардың жаппай келуінің шектелуіне себеп болатын сыңайлы. Осы тұста АҚШ-та лаңкестердің азғыруына түскен 19-жастағы жеткіншек Ислам мемлекетін қолдап, мыңдаған адамның өміріне қауіп төндірді. Бейбіт тұрғындарға шабуыл жасамақ болған ұлын әкесі Федералды тергеу бюросының қызметкерлеріне ұстап берген. АҚШ-пен оның одақтастары Ислам Мемлекетіне қарсы күресті күшейткеніне қарамастан, бұл ұйымды қолдаушылар күн санап өсіп келеді.

Самат ҚАНАҒАТОВ