$485.04 €525.98 ₽5.04
×

Қарулы қақтығыстарға қатысу үшін Сирияға аттанбақ болған атыраулық үш азамат ұсталды

AstanaTV
24.06.2015ж. 10:00
1823
Қарулы қақтығыстарға қатысу үшін Сирияға аттанбақ болған атыраулық үш азамат ұсталды

Терроризмді насихаттап, қарулы қақтығыстарға қатысу үшін Сирия аспақшы болған атыраулық үш азамат қамауға алынды. Бұл туралы облыстық прокуратура хабар таратуда. Құзырлы органның мәліметіне сәйкес, жиһадқа аттанбақшы болған үшеудің үстінен Қылмыстық Кодекстің үш бірдей бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру шаралары басталды. Яғни, олар «терроризмді насихаттау», «шетелдік қарулы қақтығыстарға қатысуға дайындалу», «террористік не экстремистік әрекетті ұйымдастыру мақсатында адамдарды азғыру, даярлау не қаруландыру» баптарымен күдікке ілінген. Қамауға алынғандар 23 пен 28 жас аралығындағы Атырау қаласының тұрғындары. Қазір олар күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасымен қамауға алынды,- делінген баспасөз ақпаратында.

Базаргүл НӘДІРҚЫЗЫ