$485.04 €525.98 ₽5.04
×

Татарстан астанасы Қазан қаласында бір көше Нұрсұлтан Назарбаевтың атымен аталуы мүмкін

AstanaTV
24.06.2015ж. 10:00
3076
Татарстан астанасы Қазан қаласында бір көше Нұрсұлтан Назарбаевтың атымен аталуы мүмкін

Татарстан астанасы Қазан қаласында бір көше Нұрсұлтан Назарбаевтың атымен аталуы мүмкін. Бұл туралы бастаманы татар еліндегі «Қазақстан» Ұлттық-мәдени автономиясы көтерді, - деп хабарлайды «Тенгриньюс кз». Аталған Ұлттық-мәдени автономия төрағасы Сағит Жақсыбаев осы мазмұндағы хатты Қазан қаласының мэріне жолдаған. Онда «Нұрсұлтан Назарбаев екі ел арасындағы ынтымақтастық пен татулықты дамытуға үлес қосты. Экономика, мәдениет, білім беру салалары бойынша республикалық қана емес, аймақтық қарым-қатынас орнады. Біз бұл қарым-қатынастың тарихи маңызы бар деп білеміз. Қазан қаласынан Назарбаевтың атына көше беру бауырлас елдер арасындағы байланысты ары қарай дамытады», - деген жолдар бар. Қазанның топонимика бойынша муниципалдық білім беру басшылығы бұл ұсынысты қарады. Соңғы шешімді Қазан атқару комитеті қабылдайтын болады.

Базаргүл ОТЫНШИЕВА