$485.04 €525.98 ₽5.04
×

Қызылордада шетелде тұратын қазақ диаспорасының дарынды балаларына арналған XII Халықаралық олимпиада басталды

AstanaTV
24.06.2015ж. 10:00
1238
 Қызылордада шетелде тұратын қазақ диаспорасының дарынды балаларына арналған XII Халықаралық олимпиада басталды

Әлем елдерінде тарыдай шашылған қазақ қауымы балалары Қызылордада бас қосты. Мұнда «Қазақстан - ата жұртым, қасиеттім - ана тілім» деген атаумен XII-ші халықаралық олимпиада өтіп жатыр. Оған қатысуға Иран, Қытай, Ресей, Монғолия, Өзбекстан және Түркменстаннан барлығы 29 дарынды бала келді. Бұлар қазақ тілін жетік меңгерген 8 бен 18 жас аралығындағы оқушылар. Бірі - туған тілін ана сүтімен бойына сіңірсе, екіншісі - диаспоралар маңындағы арнайы курстардан үйренген. Төрт күнге жалғасатын шара барысында, қатысушылар қазақ тілі мен әдебиеті туралы танымын байқатады. Сондай-ақ, Атамекен туралы білімдерін тереңдететін болады. Жалпы, әр түрлі басылымдардағы деректерге сүйенсек, шет мемлекеттерде бүгінде төрт миллионнан астам қандасымыз тұрып жатыр.

Мақсат Тіней, Олимпиадаға қатысушы, Иран:

Иранда қазақ тілі мектебі жоқ, үйде қазақша сөйлеп, ата-аналарымыз қазақша үйреткен бізге. Қазақпыз ғой, өз елімізге қайтуымыз керек, оралуымыз керек. Оқығымыз келеді Қазақстанда.

Ділдаш Битуова, «Интеллектуал - 2050» қорының директоры:

Елбасымыз сол шетелдегі қазақтарды әкелудін жолдары, оларға мүмкіншілік туғызу-алдымен сол шетелдегі балалар келсе, үлкен ата-аналар әр уақытта келе алады. Оқытып, білім беріп, қолдау көрсету. Осы мақсатта осы олимпиада басталды. Бізде қазір 120-дай бала Қазақстанда оқып, алды бітіріп, магистратура бітірді.

Шәрипа САҚТАПОВА