$485.04 €525.98 ₽5.04
×

Қазақстанның экспорты мен импортының көлемі төмендеп жатыр

AstanaTV
24.06.2015ж. 13:00
5143
Қазақстанның экспорты мен импортының көлемі төмендеп жатыр

 

Еліміздің экспорты мен импортының көлемі төмендеп жатыр.Үстіміздегі жылдың алғашқы төрт айындағы көрсеткішке қарасақ, экспорт 46 пайызға, ал импорт көлемі 17 пайызға азайып кетті. Бұл туралы «Kaznex invest» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Мейіржан Майкеев орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында хабарлады. Импорт және экспорт көрсеткештерінің азаюына өсімі баяулап жатқан әлемдік экономиканың әсері бар. Әсіресе, жаһандық нарықтағы мұнай мен өзге де шикізат бағасының төмендеуі ықпалын тигізбей қоймайды, - дейді Майкеев. Оның айтуынша, жағдайға тежеліп тұрған Қытай экономикасы мен Ресей рублінің құнсыздануы да салқынын тигізіп отыр. Соңғы төрт айдағы көрсеткішке қарасақ, Қазақстан мен Ресей арасындағы тауар айналымы 18 пайызға төмендеген. Дегенмен шетелдіктер тарапынан отандық тауарларға деген қызығушылық өте жоғары, - дейді компания өкілдері.

Сәбит Нарбаев - «Kaznex Invest» АҚ Алматы қаласындағы өкілдігінің директоры:

Тауарлық құрылымды алатын болсақ, Еуропа, Қытайға негізінен шикізаттық немесе жартылай өңделген индустриялдық тауарларды шығарып отымыз. Ал дайын тауарлар негізінен жақын шетелге шығарылып отыр. Тамақ өнеркәсібіне қатысты тауарлар сосын машина жасау өнеркәсібі, яғни олар аккумулятор, трансформатор, подшипник т.б. тауарлар, сосын құрылыс материалдары. Және де фармацевтика, химия саласынын тауарлары бүгінде экспортқа шығарылып отыр.

Айгүл ӘДЕПБАЙ