$485.04 €525.98 ₽5.04
×

Атырауда бір үйге найзағай түсіп, шатыры жанып кетті

AstanaTV
24.06.2015ж. 13:00
1490
Атырауда бір үйге найзағай түсіп, шатыры жанып кетті

Атырауда аяқ астынан өзгерген ауа-райы, бір отбасын баспанасыз қалдырды. Соңғы бірнеше күннен бері, +45 градусқа дейін көтерілген аймақтағы аптап ыстық арты, кеше кешкісін найзағайлы жаңбырға ұласты. Салдарынан Лесхоз мөлтекауданындағы бір үйдің төбесіне жай түсіп, шатыры жанып кетті.Қалалық өрт сөндіру бөлімінің кезекші бөліміне жергілікті уақытпен 18:30-да, баспана өртеніп жатыр, - деген хабарлама түскен. Өрт сөндірушілер тілсіз жауды 1 сағаттан соң ғана толықтай өшірді. Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ. Отбасы мүшелері дін аман. Өрттің нақты шығу себебін полиция мамандары анықтауда. Айта кетейік, маусымның 1-күні де бір үйге жай түсіп, шатыры жанып кеткен еді.

Ардақ Мырзағалиева:

Найзағай төбесіне түсті дәл, шифрдың үстіне, содан лап етіп жанды, бәрі күйіп тұрған нәрсе ғой, 40 градустан ол ешқандай тоқ емес, найзағай түсті, көзімізбен көрдік. Үйінде ауыратын кісі бар, сол шықты ма деген ой келді, үйден бұрын, қорқып кеттік.

Базаргүл НӘДІРҚЫЗЫ