$485.04 €525.98 ₽5.04
×

Ереванда ереуілшілер Президентпен кездесуден бас тартты

AstanaTV
24.06.2015ж. 13:00
1069
Ереванда ереуілшілер Президентпен кездесуден бас тартты

Еревандағы ереуілшілер ел Президенті Серж Саргсянмен кездесуден бас тартты. Бұл туралы Рейтерс агентігі хабарлайды. Армения президенті наразы топтың бірнеше өкілін қабылдауға келісімін бергенімен, ереуілшілер кездесуден бас тартқан. Олар оның орнына Президенттен тікелей эфирде Қоғамдық қызметті реттеу комиссиясының электр қуатының тарифын көтеру туралы шешімін жоққа шығаруды талап етті. Қазір ел астанасы Ереванға қосымша сақадай сай қаруланған тәртіп сақшылары тартылып жатыр. Сондай-ақ, наразы топ шоғырланған аймақта толығымен электр энергиясы сөндірілген. Өткен күндері суатқыштарды қолдану арқылы полиция ереуілшілерді таратуға тырысқан. Бірақ, жиналғандар өз талаптары орындалмайша, міз бақпауға бекінгендерін айтты. Еске салсақ, мыңдаған ереуілші маусымның он тоғызынан бастап «Бостандық» орталығында 3 күн бойында жайғаса наразылық көрсетті. Биыл бірінші тамыздан бастап, Арменияда 1 киловатт сағат электр қуатының құны 7 драмаға қымбаттамақ. Яғни, Армениядағы әр отбасы жылына қосымша 40-50 мың драма немесе 90-110 доллар төлеуге тиіс болады. Әрине, наразылық шараларын жалғастыра береміз. Бізді ұрып тоқтата алмайды. Полициядан таяқ жеп жатқанымыз бірінші рет емес. Бірақ, шынын айту керек, олар осы жолы асыра күш қолданып жатыр.

Берік ХАСЕНОВ