$485.04 €525.98 ₽5.04
×

Халықаралық бокс федерациясы Головкин мен Лемье кездесуіне қарсы емес

AstanaTV
24.06.2015ж. 20:00
1072
Халықаралық бокс федерациясы Головкин мен Лемье кездесуіне қарсы емес

Халықаралық бокс федерациясы Геннадий Головкин мен Давид Лемье арасындағы кездесуге қарсы емес. Бұл ақпаратты қазақстандық спортшының промоутері Том Леффлер хабарлады. Леффлердің сөзіне қарағанда, IBF басшылары екі чемпион арасындағы кездесуге қарсы емес екенін айтқан. Ендігі мәселе - Канада спортшысының мүддесін қорғайтын «Голден Бой» промоутерлік компаниясымен келісім келу қажет.

Еске салайық. Жуырда Канаданың Монреаль қаласында өткен жекпе-жекте Давид Лемье Франция спортшысы Хассан Н Жикамды төрешілер шешімі бойынша жеңіп, Халықаралық бокс федерациясының тұжырымы бойынша чемпиондық белбеуді ұтып алды. Егер жақын арада Геннадий Головкин мен Давид Лемьенің промоутерлері ортақ шешімге келетін болса, онда екі спортшы арасындағы жекпе-жек өтетініне күмән жоқ.



Уругвай құрамасының шабуылшысы Эдинсон Кавани Чили командасымен болатын ширек финалдық кездесуге қатыспауы мүмкін. Оған себеп - футболшының әкесі. Луис Кавани 22 маусым күні көлігімен мотокөлікпен соқтығысқан. Салдарынан мотокөліктің иесі ауруханада жан тапсырды. Тергеу амалдары барысында Луис Каванидің өз көлігін мас күйінде жүргізгені белгілі болды. Қазір ол қамауда. Бұл оқиғадан құлағдар болған футболшы елге оралуға шешім қабылдады. Уругвай құрамасының бас бапкері Оскар Табарес біржақты шешімге келген жоқ. Дегенмен, осы жағдайға байланысты Кавани елге оралам десе, қарсы болмайтынын айтты. Топтық кезеңнен сүрінбей өткен Уругвай командасы ширек финалда Чили құрамасымен сынға түседі. 

Самат ҚАНАҒАТОВ