$485.04 €525.98 ₽5.04
×

Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетов Bloomberg-ке сұхбат берді

AstanaTV
25.06.2015ж. 10:00
1075
Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетов Bloomberg-ке сұхбат берді

«Теңгенің позициясы жақсы». Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетов Bloomberg басылымына берген сұхбатында осыны айрықша атап өтті. Әңгіме барысында Қазақстанның ұлттық валютасы, монетарлық саясат, сонымен қатар, Ресеймен қарым-қатынас мәселелері қозғалды. Ұлттық банк басшысына теңгенің қазіргі жағдайы туралы сауал қойылған. Ол әсіресе, «валюта асыра бағаланып отырған жоқ па» деген төңіректе болды. Келімбетов бұл мәселеге орай «теңге тепе-теңдікте және позициясы жақсы», - деп жауап берді.

Қайрат Келімбетов, ҚР Ұлттық банк төрағасы:

Біз келешекте жаңа монетарлық саясатқа өткіміз келеді, оны «инфляциялық таргеттеу» деп атайды. «Үлкен иілгіштік» деген мағынаны білдіреді. Қазір тұрақтыдан иілгіш айырбас бағамына өтіп жатырмыз. Сондай ақ біз капиталды нарықтың дамуына бағыт алып отырмыз. Мемлекет жекешелендіру бойынша бағдарламалардың дамуына назар аударуда. Алдағы үш жыл ішінде мемлекеттік ірі компаниялар жекешелендіріледі.

Базаргүл ОТЫНШИЕВА