$485.04 €525.98 ₽5.04
×

АҚШ-тың Париждегі елшісі Американың ұлттық қауіпсіздік агенттігінің телефон әңгімелерін тыңдауына қатысты дауға орай Францияның Сыртқы істер министрлігіне шақырылды

AstanaTV
25.06.2015ж. 10:00
865
АҚШ-тың Париждегі елшісі Американың ұлттық қауіпсіздік агенттігінің телефон әңгімелерін тыңдауына қатысты дауға орай Францияның Сыртқы істер министрлігіне шақырылды

АҚШ-тың Париждегі елшісі Американың ұлттық қауіпсіздік агенттігінің телефон әңгімелерін тыңдауына қатысты дауға орай Францияның Сыртқы істер министрлігіне шақырылды. Бұл туралы France Info хабарлайды. Франция билігі ел қауіпсіздігіне бей-жай қарамайтынын мәлімдеп, шетелдік арнайы қызметтердің жағынан тыңшылық әрекеттерді айыптады. Осындай ақпаратты Елисей сарайының баспасөз қызметі ел Президенті Франсуа Олландтың қатысуымен өткен қауіпсіздік жиынының қорытындысы бойынша таратты. Еске салсақ, құпия ақпаратты жария ететін халықаралық Wikileaks ұйымының соңғы мәлімдемесінде АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздік агенттігі 6 жыл бойы Францияның 3 президенті Жак Ширак, Николя Саркози және Франсуа Олландтың телефон әңгімелерін тыңдаған деп жарияланған болатын.

Берік ХАСЕНОВ