АҚШ-та сотталған қос
қазақстандықты елге экстрадициялау үшін олардың өздерінің де келісімі қажет.
Бас прокурордың орынбасары Иоган Меркель осылай деді. Бұл істі жүзеге асыруға
Қазақстан мен АҚШ арасында өзара құқықтық көмек келісімін ратификациялау негіз
болмақ. Меркель өз баяндамасында сотталғандарды беру жөніндегі америкааралық
Конвенцияға тоқталған. Құжатты ратифицикациялап үлгерсек, бұл сотталған
азаматтардың жазасын өз елімізде өтеуіне құқықтық негіз болар еді,-дегенді
қосты Меркель. Ал құжат жүзінде барлығы бекітілген соң қазақстандық студенттер
мен АҚШ тарапының келісімі болмайынша, қандай да бір процесс басталмайды. Еске салайық, АҚШ соты қазақстандық студент
Дияс Қадырбаевты 6 жылға, ал Азамат Тәжияқовты 3,5 жылға соттады. Олар Бостондағы террактілерге
қатыстылығы үшін айыпталғаны мәлім.
Базаргүл ОТЫНШИЕВА