$543.24 €619.89 ₽6.78
×

С.Берлускони тағы 5 жылға сотталуы мүмкін

AstanaTV
25.06.2015ж. 13:00
С.Берлускони тағы 5 жылға сотталуы мүмкін

Неаполь прокуратурасы Силвио Берлускониді парақорлыққа жол бергені үшін 5 жылға бас бостандығынан айыруды талап етті. Бұл туралы РиаНовости хабарлайды. Италияның экс-премьері басына іс түскенде сенаторлардың біріне пара берген деген айып тағылып отыр. Сот үкімі 8-шілдеде шығады. Екі жыл бұрын Италияның жоғарғы соты атышулы саясаткерге Mediaset тобындағы қаржылық алаяқтыққа қатысты төрт жыл жаза кескен. Алайда Берлускони рақымшылыққа ілігіп жазаны өтеу мерзімі 1 жылға дейін қысқартылды. Содан соң, темір тор қоғамдық жұмыспен алмастырылған. Сондай ақ, екі жыл бұрын «Руби ісі» бойынша Берлускониге 7 жыл жаза кесілген. Ол қызметтік өкілеттілігін асыра пайдаланғанын және кәмелеттік жасқа толмағандарды жезөкшелікке итермелегені үшін айыпталған. Бір жылдан соң Миланның аппеляциялық соты айғақ жетпіспеушілігінен экс-премьерді тағы ақтап алған болатын.

Мөлдір ДЮСЕКИНА