$498.55 €524.28 ₽4.75
×

Азамат Тажаяқов пен Диас Қадырбаевті елге қайтарып алуға мүмкіндік жоқ

AstanaTV
25.06.2015ж. 20:00
1242
Азамат Тажаяқов пен Диас Қадырбаевті елге қайтарып алуға мүмкіндік жоқ

Америкада айыпты деп танылған Азамат Тажаяқов пен Диас Қадырбаевты Қазақстанға алдырту әзірше мүмкіндік емес. Екі ел арасында сотталғандарды алмастыру, не қайтару жөнінде келісім жоқ. Келіскен күннің өзінде де екі жазагердің жеке келісімі қажет. Бұл туралы Парламент Сенатының пленарлық отырысында Бас прокурордың бірінші орынбасары Иоган Меркель мәлімдеді. Қазақстан мен Америка арасындағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы шартты ратификациялауға келген Меркельдің айтуынша, АҚШ-та сотталған азаматтарымыз көп емес. 

Иоган Меркель, ҚР Бас прокурорының бірінші орынбасары:

Мәселе осы екі азаматқа қатысты. Бірақ мына келісімнің АҚШ-та сотталған отандастырымызды қайтарып, жазасын өз жерімізде өтесін дегенге қатысы жоқ. Бұл заң жобасында тек сотқа дейінгі процесте құқықтық көмек көрсету мәселесі қаралған. Сотталғандарды қайтару бойынша Америкааралық конвенция бар. Егер оны ратификациялап үлгерсек, ол құжат сол сотталған азаматтардың жазасын өз елімізде өтеуіне құқықтық негіз болар еді. Бірақ істі болғандардың келісімінсіз және АҚШ-тың келісімінсіз процесс басталмайды.

Еске салайық, Бостон соты Азамат Тәжаяқовты айыпты деп танып, үш жарым жылға, ал Диас Қадырбаевты алты жылға бас бостандығынан айырған еді. Жерлестірміз Бостонда жарылыс ұйымдастырды деп танылған Джохар Царнаевқа көмектесіп, тергеу амалдарына кедергі келтірді деп айыптылды.

Ал бүгін Бостон соты Джохар Царнаевты ресми түрде өлім жазасына кесті. Рейтерстің хабарлауынша, жазагер соңғы сөзінде өз ісі үшін кешірім сұрады. Айта өтейік, 15 мамырда алқабилер Бостон марафонындағы жарылыс ісіне жауапты ретінде айыпталған Джохар Царнаевты өлім жазасына кескен болатын. Ағайынды Джохар және Тамерлан Царнаевтар 2013 жылдың 15 сәуірінде Бостон марафоны кезінде екі бірдей жарылыс жасап, салдарынан 3 адам қаза тапты.

Айгүл ӘДЕПБАЙ