$498.55 €524.28 ₽4.75
×

Астанада ЕХРО-ға қарай бір де бір маса болмайды

AstanaTV
25.06.2015ж. 20:00
1176
Астанада ЕХРО-ға қарай бір де бір маса болмайды

ЭКСПО халықаралық көрмесі қарсаңында елордадада бірде-бір маса қалмайды. Астана қаласы тұтынушылар құқығын қорғау департаменті басшысының орынбасары Федор Пеев осындай уәде беріп отыр. Айтуынша, коммуналдық шаруашылық басқармасы биыл шыбын-шіркейге қарсы күресті үдетті. Ал, санитарлық эпидемиологтар барынша көмек көрсетіп жатыр. "Жұмыстың осы түрлеріне қосымша қаражат қарастыру үшін, смета жасап, алдын ала есебін шығарып қойдық", - дейді Пеев. 

Федор Пеев, Астана қалалық тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысының орынбасары:

Бұл өте маңызды. Себебі шетелдік делегация өздерінің бұқаралық ақпарат беттерінде Астанада маса көп деп жазса, бұл біздің тарапымыздан дұрыс болмайды, әрі имиджімізге нұқсан келеді.

Имиджімізге нұқсан келтіретін тағы бір мәселе - әжетханалардың жетіспеуі. Бүгінгі таңда елордада бар болғаны 200-дей ғана биоәжетхана бар екен.

Федор Пеев, Астана қалалық тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысының орынбасары:

Мерекелік шаралар тек ЭКСПО алаңында өтпейді. Түрлі көрмелер ашық аспан астында, саяжайларда да ұйымдастырылатынын ескерсек, бұл сұрақты да назардан тыс қалдырмауымыз керек. Мүмкін, қалалық әкімдік биоәжетханаларды сатып алуға үлесін қосар. Сондай-ақ, Ресей тәжірибесі бойынша да стационарлы әжетханаларды орнатуға болады. 

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА