$485.04 €525.98 ₽5.04
×

Жол инспекторына қоқан-лоққы көрсеткен ШҚО Үлбі полиция бөлімі бастығының орынбасары әкімшілік жауапкершілікке тартылып, қызметінен қуылды

AstanaTV
26.06.2015ж. 10:00
1399
Жол инспекторына  қоқан-лоққы көрсеткен ШҚО Үлбі полиция бөлімі бастығының орынбасары әкімшілік жауапкершілікке тартылып, қызметінен қуылды

Жол инспекторына жұмыстан шығарамын деп қоқан-лоққы көрсеткен ШҚО Үлбі полиция бөлімі бастығының орынбасары әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ ол қызметінен де қуылды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz. Полицей жол ережесін өрескел бұзғаны үшін және  ар-ождан кодексін өрескел бұзғаны  үшін қызметінен босатылған. Жол инспекторына да  видеотіркеуішті өз бетінше өшіріп тастағаны үшін ескерту жарияланды. Ол Ішкі істер министрлігінің «әкімшілік және қылмыстық заң бұзушылық әрекеттерді тіркейтін құрылғыны қолдану» талаптарын бұзған. Еске салайық, «Оса» қоғамдық бірлестігі жол ережесін бұзған жүргізушінің жол инспекторына қоқан-лоқы көрсеткен бейнежазба ғаламторда жарияланған еді. Кейіннен жол ережесін бұзған жүргізушінің Ішкі істер бөлімі қызметкері екені анықталды. Бұл оқиғаға қатысты қызметтік тексеріс жүргізілген.

Мөлдір ДЮСЕКИНА