$543.24 €619.89 ₽6.78
×

Депутат: Батыс Еуропа-Батыс Қытай көлік дәлізі қолданысқа берілген кезде елде бензин тапшылығы туындауы мүмкін

AstanaTV
26.06.2015ж. 10:00
1403
Депутат: Батыс Еуропа-Батыс Қытай көлік дәлізі қолданысқа берілген кезде елде бензин тапшылығы туындауы мүмкін

Қазақстанның жолдарында жүрген әрбір бесінші көлік өз елімізде құрастырылған. Мәжіліс депутаттары Орталық коммуникациялар қызметі алаңында алғашқы индустриялық бесжылдықтың қысқа қорытындысын жариялап, екінші бесжылдықтың басым бағыттарымен бөлісті. Қорытындыға жүгінсек, бағдарлама қолға алынғалы бері елде 50 экспорттық позиция пайда болып, шикізаттық емес кәсіпорындар саны 11 пайызға артқан. «Жұмысбасты қазақстандықтардың 50 пайызынан астамы өңдеу секторында еңбек етеді» дейді депутаттар. Экономиканы шикізаттық тәуелділіктен арылтудың жолы -  жаңа мұнай өңдеу зауыттары құрылысы кезекті бесжылдықтың да басым бағытының бірі», -  деді Шавхат Өтемісов. Депутат болашақта іске қосылатын Батыс Еуропа-Батыс Қытай дәлізі ел ішінде бензин тапшылығына алып келуі мүмкін дейді.

Шавхат Өтемісов, ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты:

Менің пікірімше, осы үш зауыт модернизациядан өткен жағдайда біз болашақта толық өзіміздің қажеттілігімізді қанағаттандырмауы мүмкін. Сол себептен қазіргі жағдайда менің ойымша, мына екінші бесжылдықта ең бір күрделі мәселе ол елімізде төртінші МӨЗ құрылысын бастау.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ