$485.04 €525.98 ₽5.04
×

Видеодан кейін атағы шыққан полиция жетекшісі жұмыстан кетті

AstanaTV
26.06.2015ж. 13:00
1107
Видеодан кейін атағы шыққан полиция жетекшісі жұмыстан кетті

 Шығыс Қазақстандық полицейлердің қатысуымен болған «жолдағы тексеру» оқиғасы Өскенмен Ішкі істер басқармасы Үлбі бөлімі бастығының орынбасары Ринат Жақсыбаевтың жұмыстан қуылуымен тынды. Бұл туралы облыстық департаменттің баспасөз қызметі растап отыр. Экс-полицейге «Ішкі істер бөлімі қызметкерінің ар-намыс кодексін таптады» деген айып тағылған. Еске салайық, аталмыш тәртіп сақшысы басқарған автокөлікті жол полицейлері тоқтады. Қауіпсіздік белдігін тақпаған жүргізушіден құжаттарын талап еткен инспекторды Ринат Жақсыбаев «жұмыстан қуыласың», - деп қорқытқан. Бұл видео әлеуметтік желілерге тарап, үлкен дау-дамай тудырған болатын. Қазіргі таңда жол полициясының инспекторына қатысты да тергеу амалдары жүргізілуде. Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінің айтуынша, ол кеуде тұсындағы видеотіркеушіні өз бетімен сөндірген. Тергеушілер видеоның әлеуметтік желіге қалай жарияланғанын да анықтауға тырысуда.

Мансұр ЕСХОЖИН