Францияда
такси жүргізушілері ел астанасындағы басты жолдар мен Париж әуежайына
қатынайтын жолдарды басып алды. Олар жолаушыларды арнайы рұқсатсыз тасымалдап жүрген жеке көлік иелеріне қарсы бас көтеруде. Әріптестеріне бір уақытта
бірнеше шахардағы өзге таксистер де қолдау көрсетті. Олардың қатарында Марсель,
Тулуз, Бородо, Лион қалаларының такси жүргізушілері де бар. Темір тұлпар иелері
жолдардың бойына көліксіз де жайғасып алған. Француздық жолаушы
тасымалдаушылар смартфондардың
қосымшалары арқылы адам тасымалдау жүйесінің енгізілуіне қарсы. Бұл жүйеге
сәйкес жолаушылар әдеттегі таксиден әлдеқайда арзан жеке таксидің қызметіне
жүгіне алады. UberPOP бағдарламасы бойынша туристердің көліктерді өз бетінше
шақыртуға да мүмкіндігі бар. Француз билігі бұдан бұрын бәсекелестікті
шектейтін заң қабылдаған. Алайда такси жүргізушілері мұны жеткіліксіз деп есептейді.
Мөлдір
ДЮСЕКИНА