$485.04 €525.98 ₽5.04
×

Отыннан тарыққан газ құятын бекеттер сұйылтылған газды тек талон арқылы босатуда

AstanaTV
26.06.2015ж. 13:00
1224
Отыннан тарыққан газ құятын бекеттер сұйылтылған газды тек талон арқылы босатуда

Оралда газ тапшы. Отыннан тарыққан газ құятын бекеттер сұйылтылған газды тек талон арқылы босатуға кіріскен. Бірақ санап берілетін газды сатып алу да оңай емес. Жүргізушілер күндіз-түні кезек күтуге мәжбүр. Қазір Батыс Қазақстан облысында сұйылтылған газды жеткізу ісімен «Алау» және «Тәуекел» ЖШС айналысады. Облыстық энергетика және коммуналдық шаруашылығы басқармасымен арадағы келісім бойынша бұл компаниялар айына 800 тонна газ жеткізуі тиіс. Бірақ оралдықтар үшін бұл газдың өзі аз болып отыр. Ал облыстық энергетика және коммуналдық шаруашылығы басқармасының өкілдері газдың аяқасты тапшылығына сұйылтылған газ бензинмен салыстырғанда екі еседей арзан, әрі экологиялық тұрғыда таза деп отыр. Ал облысты газбен тұрақты қамтамасыз ету үшін әлі 200 тонна сұйылтылған газ керек екен. Дегенмен, облыстық энергетика және коммуналдық шаруашылығы басқармасының өкілдері өңірдегі жағдайдың реттелеріне сенімін жоғалтар емес. Күні бүгін қосымша газ алуға тапсырыс берілген екен.

Мұрат Бәйменов, БҚО Энергетика және тұрғын үй шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары:

Бұлардың заявкасы бойынша шығып тұрғаны 800 тонна, бірақ енді қазіргі қатып қалған ештеме жоқ қой, былтырғы жылдары осы 800 тонна жетіп жүрген болса, қазіргі таңда енді машинанын көбеюімен байланысты ма?... Ну, енді мен шамамен точно айта алмаймын, бір жұманың ішінде шешіп берем, он күнде шешіп берем деп... Бірақ біздер уәкілетті, тиісті органдармен жұмыс істеп жатырмыз.

Еркін КАРИН