$485.04 €525.98 ₽5.04
×

Грекияның тағдыры алдағы сенбіде шешілуі ықтимал

AstanaTV
26.06.2015ж. 13:00
1492
Грекияның тағдыры алдағы сенбіде шешілуі ықтимал

Грекияның тағдыры алдағы сенбіде шешілуі ықтимал. Бұл жөнінде  Германия канцлері Ангела Меркель Брюсселдегі баспасөз мәслихатында айтты,-деп жазады Рейтерс. Жуырда еуроаймақ елдерінің қаржы министрлері бас қосып Грекияның берешегіне қатысты мәселені талқылаған. Алайда жиын нәтижесіз аяқталды. Енді кредиторлар Грекияның бюджеттік үнемдеу бағытындағы соңғы ұсыныстарын бағалаған соң кезектен тыс жиын өтеді. Айта кетейік, несиелендіру бағдарламасының соңғы мерзімі 30 маусымда аяқталады. Мұнан соң Грекия, Еуроаймақ елдері арасында алғашқы болып дефолт жариялауы мүмкін. Осылайша бұл елдің бағдарламада қарастырылған соңғы  7,2 миллиард евро несиені алу үміті үзіледі. Гректер бұл қаржыға қол жеткізсе, сыртқы қарыздарынан құтылар еді. Бірақ, оны алу-алмауы екіталай, мәселе Грекияның бюджеттік үнемдеу бағытындағы соңғы ұсыныстарына тіреліп түр. Ал бұл ұсыныстар тиын санаудан әбден қажыған қарапайым халыққа мүлде ұнамайды.

Базаргүл ОТЫНШИЕВА