$485.04 €525.98 ₽5.04
×

Еуроодақ Италия мен Грекия арқылы өткен 60 мыңнан астам мигрантты өзара үлестірмек

AstanaTV
26.06.2015ж. 13:00
1147
Еуроодақ Италия мен Грекия арқылы өткен 60 мыңнан астам мигрантты өзара үлестірмек

Еуропалық Одақ Жерорта теңізі арқылы Италия мен Грекияға өткен 60 мыңнан астам мигрантты 2 жыл ішінде қауымдастықтың өзге мемлекеттеріне көшірмек. Бұл туралы бүгін Еуропалық кеңестің төрағасы Дональд Туск  Брюсселде өтіп жатқан  Еуроодақ саммитінің алғашқы күн қорытындысы бойынша мәлімдеді. Дегенмен үйлестіру жұмыстары қалай өтетіні әлі белгіссіз. Шілде соңына таяу бұл сұрақтың  басы ашылады деді Туск. Жалпы Еуропаның оңтүстік мемлекеттерінде жағдай күрделі. Тек Италияның өзіне күн сайын теңізбен 500-дей адам келеді. Айта кеткен жөн, Еуропа аспақ болғандардың көбі Жерорта теңізінде ажал да құшып жатады. Осыған орай, Еуропалық одақ ағылған мигранттарға шектеу қою үшін, Жерорта теңізінде әскери-теңіз операциясын жүргізуге бекінді.

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА