$498.55 €524.28 ₽4.75
×

«Нұр Отан» партиясы жанындағы қоғамдық саясат институты дөңгелек үстел жиынын өткізді

AstanaTV
26.06.2015ж. 20:00
989
 «Нұр Отан» партиясы жанындағы қоғамдық саясат институты дөңгелек үстел жиынын өткізді

«Қазақстанның экономикалық жағдайы және экономикалық өсімнің жаңа мүмкіндіктері» Бүгін «Нұр Отан» партиясы жанындағы қоғамдық саясат институты осындай атаумен дөңгелек үстел жиынын өткізді. Жиналғандар - қаржыгерлер мен кәсіпкерлер, үкіметтік емес ұйым өкілдері еліміздің экономикалық мүмкіндіктері мен тәуекелдерін сөз етті. Кездесу қорытындысы бойынша сарапшылар ұдайы жұмыс істейтін диалог алаңын құру бастамасын көтеріп, бірауыздан қолдады.

Фархад Қуанғанов «Нұр Отан» партиясының хатшысы:

Бұл семинарға қаржы, банк салалардың беделді экономистері, сарапшылары қатысып жатыр. Біз  Дүниежүзілік сауда ұйымы қатарына кіру, экономикамызды дедолларизациялау сынды мәселелерді көтердік. Жиын алғаш рет өтіп жатқандықтан келесі отырыстардың жұмыс жоспарлары да бекітілді.

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА