$543.24 €619.89 ₽6.78
×

Ерлікпен қаза тапқан журналистің марапаты иесін өмірінен соң тапты

AstanaTV
26.06.2015ж. 20:00
1550
Ерлікпен қаза тапқан журналистің марапаты иесін өмірінен соң тапты

Ерлікпен қаза тапқан марқұм журналист атына марапат көрсетілді. Гоа жағажайында толқын астында қалған балалардың өміріне араша түсемін деп, өзі ажал құшқан «Экспресс К» газетінің бас директоры Алексей Пан ақпарат саласына сіңірген еңбегі үшін бүгін президенттік сыйлық иегері атанды.

Евгения Ли, А.Панның зайыбы:

Мен президентіміз бен мемлекетке менің марқұм жолдасымның еңбегін елеп, бағалағаны үшін үлкен алғыс айтамын. Бұл ол үшін де, отбасы - біз үшін де үлкен мәртебе. Рахмет!

Елбасы атынан сыйлықтарды журналистерге еліміздің мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова табыстады. Президенттік сыйлықтар мен гранттардың жалпы қаржы қоры биыл 8 млн теңгеге жуық. Мемлекет басшысы атынан 2 млн 200 мың теңге көлеміндегі ақшалай сый мен алтын төс белгі «Егемен Қазақстан» газетінің бас редакторына да табысталды. 1 млн 700 мың теңгелік қос грантты «Хабар» және «24 кз» арналарының журналистері алды. Салтанатты рәсімде сондай-ақ, Елбасы атынан алғыс хаттар тапсырылды.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ