«Нұр
Сұңқар» дәстүрлі байқауы қазақ журналистикасының үздіктерін алтыншы рет
анықтады. Жыл санап бұқараның байқауға деген қызығушылығы артуда. «Нұр Сұңқар» отандық
журналистиканың басты марапатына айналып үлгерді. Шараның ауқымы мен
номинациялар қатары да толығуда. Толығырақ Азамат Алдоңғаровтың материалында. Тақырып
қуып, тыным таппайтын журналистер бұл күні ешкімнен сұхбат аламын деп жанталаспайды.
Керісінше, бүгін журналистердің өздері сұхбат беретін күн. Бұл «Нұр
Отан» партиясының
БАҚ өкілдеріне арнап ұйымдастырған мерекесі - дәстүрлі «Нұр Сұңқар» байқауы.
Журналистің жыл бойғы еңбегінің бағасы берілетін жиын. Оларды құттықтауға өнер
өкілдері келіп, бірлесіп журналист ұранын шырқады. Дәстүрлі
байқаудың мүсіншелері былтырғыдан көп. Биыл аталымдар қатары «Қоғам үні» және
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы ең үздік материал» номинацияларымен
толығып, саны тоғызға жетті. Үздік радио номинациясы бойынша біздің
әріптесіміз, «Орда FM» радиосының директоры азамат исаев үздік танылды.
Азамат Исаев
- «Орда FM» Радиосының директоры:
Біз әлбетте марапат үшін қызмет
етпейміз. Бұл
біздің міндетіміз. Журналистика өмірлік кәсібіміз болғандықтан,
100 пайыз күш-жегірімізді жұмысқа саламыз. Дегенмен, жылы лебіз әрқашан жағымды
ғой. Оның үстіне үздік радио аталымын алғашқы болып алғаным екі есе қуаныш.
Жыл
марапатын журналистерге жеке табыстаған «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші
орынбасары Бауыржан Байбек, мемлекеттік бағдарламаларды іске асырудағы БАҚ-тың
маңыздылығын ерек атады. «Мемлекеттің әр қадамы қатардағы қазақстандыққа
түсінікті болуы үшін - сапалы сараптама қажет» деді.
Бауыржан
Байбек, «Нұр
Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары:
Біздің халқымыз ең бірінші БАҚ
арқылы біздің шараларымыщ туралы естіп жатамыз. Осы шара тек қана партиялық
шара емес, бұл жалпы бар журналистер ұжымы күтетін үлкен дәстүрге айналған
салтанатты мереке деп санаймын.
Биыл
байқауға қатысуға ниет білдіргендер саны өткен жылмен салыстырғанда көп. 220
материал қабылданып, оның ішінен 132-сі сұрыпталып алынды. Аталымдар тоғыз
болғанымен, стиль мен жанрда шектеу жоқ. Талап - шығармашылық талғам, авторлық
берік позиция және сапа.
Қуаныш
Сұлтанов, «Нұр
Сұңқар» байқауы комиссиясының төрағасы:
Журналистің
негізгі мақсаты да, мамандығы да, оның еңбегі де тек шындықтан тұру керек, тек
әділдіктен тұру керек, тек қалай да жақсылықтан тұру керек. Сол жақсылыққа
мүдделі болып еңбек етіп жүрген сіздерді осындай мерекемен құттықтаймын.
Алтыншы
«Нұр Сұңқардың» тағы бір ерекшелігі биыл
қабылданған материалдардың 65 пайызы немесе үштен екісі қазақ тілді. Өңірлік
журналистердің де авторлық материалдары көп. «Астана» арнасының ШҚО-дағы
меншікті тілшісі Ирина Якунина «Партия қызметі туралы ең үздік материал»
аталымын иеленді.
Ирина
Якунина - «Астана» телеарнасының тілшісі:
Мен
үшін бұл ең үлкен марапат. Мамандықта жүрген көп жылда көп марапат болды. Бірақ
«Нұр Сұңқардың» жөні бөлек. Еңбегім зая кетпеді. Адам саған мұңын шағып келіп,
сен ол туралы сюжет әзірлеп, соңында мәселесі шешілгенде - сенің жаның да
рахаттанады.
Әр
тоғыз аталым бойынша да журналистер 1 млн теңге қаржылай марапат алды.
Сондай-ақ Инвестициялар және даму министрлігінің «Ақпарат саласының үздігі» төс
белгілері де өз иелерін тапты.
Азамат АЛДОҒАРОВ