Бүгін
Елордада «Астана - есірткісіз қала» атты спорттық акция бастау алды. Іс-шара
«Салауатты ұрпақ» жобасы аясында «Халықаралық нашақорлыққа қарсы күнге» орай
ұйымдастырылуда. Спорттық
жарыстар қаланың он бестен астам жерінде өтуде. Солардың бірі - Студенттер
саябағында бастау алды. Іс-шараның басты мақсаты - салауатты өмір салтын
қалыптастыру, халықтың спортқа деген қызығушылығын ояту, қала жастарының бос
уақыттарын тиімді өткізуге, бірлікке, ұйымшылдыққа шақыру. Іс-шара қалалық
есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасы, Астана қаласы әкімдігінің ішкі саясат
басқармасының, Нұр Отан партиясының қолдауымен өткізілді. Спорттық мерекелік іс-шара
ұлттық нақышта жалғасын тауып, жиналған қатысушылар бірлесіп «Қара жорға» биін
биледі.
Салтанат Әли, «Жас Отан» Жастар
қанаты Астана қалалық филиалының төрайымы:
Көбінесе
бұл шараға 20 жаспен 30 жас аралығындағы жастар қатысып отыр. Астана қаласының
жұмыскер жастарымен студенттер. Осындай іс-шара арқылы жастарды бұқаралық спорт
түрлеріне шұғылдануға және өзіндік жаңағы есірткімен күреске, бас уақыттарын
тиімді пайдалануға мүмкіншіліктері бар.
Берік
ХАСЕНОВ