$546.36 €630.44 ₽6.7
×

Алматыдағы базарлардың бірінде атыстан адам қаза болды

AstanaTV
26.06.2015ж. 20:00
1061
Алматыдағы базарлардың бірінде атыстан адам қаза болды

Алматыдағы қарулы қақтығысқа байланысты жаңа деректер пайда болды. Полицияның дерегінше, қылмысқа қатысы бар екі адам да Шығыс Қазақстан облысының тумалары болып шықты. Олар Алматыдағы «Айгерім-2» ықшам ауданында тұрған. Тінту барысында қылмыскерлердің автокөлігінен бірнеше атыс қарулары тәркіленген.

Салтанат Әзірбек, Алматы қаласы ІІД Баспасөз қызметінің жетекшісі:

Тінту барысында карабин, револвьер және травматикалық тапанша табылып, олар баллистикалық сараптамаға жіберілді. Аталмаш факт полицияның бірыңғай реестрінде «адам өміріне қол сұғу» фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Кеше кешқұрым Алматыдағы Алатау ауданының аумағында, қылмысқа күдікті екі адам, полицияға қарсы оқ атқан болатын. Қалалық ішкі істер департаментінің мәліметіне қарағанда, оқиға автокөліктердің қосалқы бөлшектерін саудалайтын «Жібек жолы» базарында, қылмысқа күдіктілерді құрықтау операциясы кезінде орын алған. Осы сауда орнындағы кәсіпкерлердің біріне қарақшылық шабуыл ұйымдастырмақ болған екі азаматты полиция жасағы аңдыған. Із кесушілерді байқап қалған сезікті екеу тәртіп сақшыларына қарсы оқ атқан. Нәтижесінде күдіктілердің біріне оқ тиіп, оқиға орнында қаза болды. Ал екіншісін тәртіп сақшылары сол жерде құрықтаған. Осы оқыс оқиғаны сол маңнан өтіп бара жатқан жүргіншілердің бірі ұялы телефонының камерасына түсіріп алыпты.

Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ