$541.45 €631.17 ₽6.78
×

Заңсыз тауар тиеген көлік иесін тоқтату үшін қару қолданылған

AstanaTV
29.06.2015ж. 10:00
1099
Заңсыз тауар тиеген көлік иесін тоқтату үшін қару қолданылған

Алматыда тағы да оқ атылды. Қалалық ІІД баспасөз қызметі хабарлағандай, «Аян» бекетінде «Фольксваген Транспортер» көлік жүргізушінің әрекеті күдік туғызған соң, құқық қорғаушылар оның артынан түскен. Полициядан қашқан жүргізуші жолдың қарама-қарсы жолағына шығып, көшедегі адамдардың өміріне қауіп туғызған. Жол сақшылары төтенше жағдайды болдырмас үшін көліктің артқы дөңгелегін атқан. Жүргізуші көлікті басқара алмай, аударылып кеткен. Ұсталған көліктің жүргізушісі не көлікке, не тасыған жүгіне құжат көрсете алмапты. Жол көлік оқиғасы салдарынан көлік жүргізушісінің бас миы шайқалған. Ал көлікте тұрмысқа қажетті заттар тиелгені анықталып отыр. Болжам бойынша, тауар Қырғызстаннан Алматыны бетке алған болуы керек.

Тоғжан ОСПАНБАЕВА