Халықаралық
ғарыш станциясына жүк жеткізуі тиіс «Falcon 9» АҚШ зымыраны көкке көтеріле сала
отқа оранды. Старттан 3 минут өткен соң ракета жарылып кетті. Кеме халықаралық
ғарыш станциясына 2 тонна азық-түлік пен арнайы жабдықтар жеткізуі тиіс еді.
Кеме станциямен 30-маусымда түйісуі тиіс-тін.
NASA дерегінше, зымыранның қалдықтары Атлант мұхитына құлады. Апаттың
себептері әлі жарияланған жоқ. Тек, Falcon 9 зымыранын құрастырған компанияның
басшысы, қиындықтар ракетаның бірінші сатысын сөндіру кезінде пайда болды, -
деп өзінің Twitterдегі жеке парақшасында жазды. Ал ресейлік мамандар, апат
бірінші сатылы қозғалтқыш жарылысынан орын алды,- деген жорамал жасады.
Азамат
АЛДОҢҒАРОВ