Алдағы
бірнеше күнде Қазақстан аймақтарында «ми қайнатар» аптап болады. Қазгидромет
бүгін еліміздің 6 облысында шамадан тыс ыстық болатынын ескертті. Синоптиктер
ақпаратынша, 29- маусым мен 1- шілде аралығында Атырау облысында сынап бағанасы
43 градусқа дейін көтеріледі. Айта өтейік, бұған дейін мұнда тұрғындар
термометр көрсеткіші 50 градусқа көтерілгені жайында хабарлаған. 30- маусым мен
2-шілде аралағында, «Маңғыстау облысында 40-45 градус аптап ыстық болады»- деп
болжануда. Ақтөбе, Қарағанды және Қостанай облыстарында ауа темперутарасы 40
градусқа көтеріледі, ал Шығыс Қазақстанда керісінше, күндіз жел соғып, оның
жылдамдығы секундына 20 метрге жетеді. Кей аудандарда найзағай ойнайды. ОҚО-да
да осындай ауа райы күтілуде. Қызылорда да қатты желдің салдарынан шаң
көтеріледі. Мұнда ауа температурасы +45 градус шамасында болады.
Илхам
ИБРАГИМ