Грекияда банкоматтардан ақша
алуға салынған шектеудің туристерге қатысы жоқ. Бұл жөнінде ел үкіметіне
сілтеме жасап ТАСС хабарлайды. Айта өтейік, Грекия билігі 6-шы шілдеге дейін
банктердің жұмысы тоқтатылатынын жария еткен-ді. Сондай-ақ, банкоматтардан бір
тәулік ішінде алынатын ақша мөлшерін 60 еуроға дейін шектеді. Ел билігі осындай
қаулы шығаруға мәжбүр болды. Яғни, Еуроодақ қолдау бағдарламасын ұзартуға
келіспегендіктен осындай шараларға баруға тура келген. Бұған дейін, Грекия тұрғындары банкоматтардағы
ақшаны жаппай ала бастаған. Айта
кетейік, Грекия 30-шы маусымға дейін 1 млрд 600 млн еуро қарызын өтеуі тиіс,
алайда елде қаржы тапшы. Афина жаңа несиелерге қол жеткізбесе, дефолт жариялап,
Еуроаймақтан шығуға мәжбүр болады.
Ләйлә ҚАМАЗҚПАРОВА