$531.96 €622.45 ₽6.79
×

Батыс Қазақстан облысындағы шетелдік компаниялар жұмыс күшін өз елдерінен әкелуді доғарар емес

AstanaTV
29.06.2015ж. 13:00
1603
Батыс Қазақстан облысындағы шетелдік компаниялар жұмыс күшін өз елдерінен әкелуді доғарар емес

Батыс Қазақстан облысындағы шетелдік компаниялар жұмыс күшін өз елдерінен әкелуді доғарар емес. Облыстық прокуратураның дерегінше, мұндай жағдай осы өңірдегі мұнай-газ өндіретін ірі бес компанияда орын алған. Кәсіпорындар бұрғылаушылардың өзін шетелден алдырған көрінеді. Алайда, алыстан алдырған 17 маманның, «кәсіби біліктілігі, талапқа сай еместігін» жергілікті құзырлы орган өкілдері анықтаған. Енді тексеру ізімен кінәлі деп танылған компаниялар айыппұл төлейді.

Жаннұр Ахметбек - БҚО Прокуратурасының басқарма басшысы:

Заң талаптарының бұзылуына жол берген жұмыс берушілер, яғни, компанияларға қатысты әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы хаттама толтырылды біздің ұсынысымыз бойынша. Ол бойынша жалпы салынатын айыппұлдың саны 20 млн. тг асады. Бұл анықталған заң бұзушылықтар өз кезегінде, жаңағы, жұмыспен қамту басқармасының тарапынан бақылаудың жоқтығынан және осы уәкілетті органның халықты жұмыспен қамту бағытындағы атқарып жатқан жұмысының тиімсіздігін көрсетеді.

Еркін КАРИН