$533.61 €621.07 ₽6.78
×

Қостанайлық полицейлер жүзден астам киіктің мүйізін кесіп алған күдіктіні ұстады

AstanaTV
29.06.2015ж. 20:00
1267
Қостанайлық полицейлер жүзден астам киіктің мүйізін кесіп алған күдіктіні ұстады

Қостанайлық полицейлер жүзден астам киіктің мүйізін кесіп алған күдіктіні ұстады. Күдіктінің үйін тінту барысында 10 келіден астам түз тағысының мүйізі табылған. Амангелді ауданының тұрғынынан осылайша 119 киік мүйізі тәркіленді. Оңай олжаға кенелгісі келген күдікті оның әр келісінен 50 мың теңге пайда таппақ болған. Алайда, аудандық ішкі істер бөлімі өткізген шұғыл шара барысында 49 жастағы азамат қолға түсті. Қазір оған қатысты қылмыстық іс қозғалған. Мұндай жағдай алғаш рет тіркеліп отырған жоқ. Бұған дейін де Торғай атырабында ақбөкендердің жаппай қырылған сәтін ұтымды пайдаланғысы келген 9 адам жауапқа тартылған,- дейді полицейлер. Оларға бір жылға дейін бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. {+СНХ: }

Диас Ысмағұлов, Қостанай облысы ІІД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының жедел өкілі:

Күдіктінің айтуынша, ол мүйіздерді киіктің өлекселерінен кесіп алып, жинаған. Қазіргі таңда ҚР ҚК-нің 339-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл бапта 1 жылға дейін бас бостандығын шектеу жазасы қарастырылған.

Заңғар САНАЙ