$526.5 €611.64 ₽6.72
×

Қызылорда облысында қазір +45 градус ыстық, алдағы күндері ауа температурасы тағы көтерілмек

AstanaTV
29.06.2015ж. 20:00
2069
Қызылорда облысында қазір +45 градус ыстық, алдағы күндері ауа температурасы тағы көтерілмек

Футболдан Бразилия құрамасы Америка кубогынан шығып қалды. Ширек финалда Парагвай командасымен сынға түскен Дунганың шәкірттері негізгі уақытта тең түскеніне қарамастан пенальти сериясында 4-3 есебімен ұтылды. Дегенмен, бұл ойындағы алғашқы голды пентакампьондар сапында Робинто соқты. Үзілістен кейін кезекті допқа талас кезінде қорғаушы Тьяго Силва өз айып алаңында допты қолмен тоқтатты. Бұл сәтті көзден таса жібермеген бас қазы пенальти тағайындады. 11 метрлікті сәтті орындаған Дерлис Гонсалес мүлт кетпеді. Негізгі уақытпен екстра таймда жеңімпаз анықталмағандықтан пенальти сериясы тағайындалды. Бұл лотореяда жолы болған Парагвай құрамасы жартылай финалға жолдама алды. Бразилиялықтар сапында Рибейро мен Коста қателікке бой алдырды. Ал Дерлис Гонсалес болса, командасына жеңіс сыйлады. Енді Парагвай командасы-Аргентина құрамасымен ақтық сын жолдамасын сарапқа салады.

Қызылорда облысында бір аптадан бері термометр көрсеткіші + 45 градустан түспей тұр. Салдарынан аймақта өзін қолайсыз сезініп, жедел-жәрдемге жүгінген тұрғындар қатары күрт артқан. Синоптиктердің болжамы бойынша, алдағы күндері аймақта ауа температурасы әлі де көтеріледі. Тұрғындар мұндай ауа райында қалай жан бағып жүр.

Арман Байтасов:

Мұндай ыстық жергілікті тұрғындар үшін үйреншікті жағдай болса, сырттан келген жандардың шыжыған ыстыққа шыдас беруі қиын. Ыстықтан әркім өз бетінше қорғануда. Бірі жиі-жиі суға түсуді әдетке айналдырған. Енді бірі үнемі бас киім мен қолшатырды тастамай, ара-тұра салқын сусындар ішіп, жан сақтайды.

Ақзия Төлендиева:

Күн ыстық, күнде осында келіп суға түсеміз. Үй деген-ыстық. Дала-мынау. Циклон өтіп жатыр деп естідім. Үйде жату керек, амал жоқ. Бірақ адамдардың жұмыстары бар ғой. Зонтикпен көлеңке түсіріп журу керек, амал жоқ енді.

Синоптиктердің алдағы күндерге жасаған болжамы да көңіл көншітпейді. Оған сүйенсек, ауа температурасы әлі де көтеріле түспек. Биыл шіліңгір шілдеге тап келген қасиетті Рамазан айында ауыз бекіткен жамағатқа дін өкілдері төзімділік танытуларын сұрайды.

Талғат Сейіткәрімұлы, Қызылорда қаласындағы «Ақмешіт- Сырдария» орталық мешітінің бас имамы:

Күннен-күнге күн ысып бара жатыр, қатты ыстықтар келе жатыр деп жатыр. Осы жерде біздің енді халыққа айтарымыз: әлбетте, Рамазан айы парыз болғаннан кейін, себепсіз ауыз ашуға болмайды, ыстыққа байланысты. Жалпы жамағатқа айтатынымыз: мүмкіндігінше, ыстық кезде далаға көп шықпау, кажеттілік туындамаса. Қажеттілік туындамаса көп сөйлемеу.

Жалпы, аймақта ауа-райының шектен тыс ысуынан өздерін қолайсыз сезініп, жедел-жәрдемнің көмегіне жүгінгендер саны артқан. Соңғы бірнеше тәулікте осындай азаматтар қатары 600-дей адамға жетті. Дәрігерлер негізінен қан қысымы көтеріліп, жүрегі қысатын жандардың көбейгенін айтады. Ал құтқарушылар ыстықта суға түсетіндердің көптігінен, суға кету оқиғалары жиілей ме деп қауіптенеді. Сондықтан, тұрғындарды жаға-жайларда арнайы ережелерді сақтап, алкоголь ішімдіктерден аулақ болуға шақырады.

Шарипа САҚТАПОВА