$498.55 €524.28 ₽4.75
×

«Жасыл экономиканы» дамытуды жолға қою үшін, тоғыз бірдей заң жобасына өзгерістер енгізілуде

AstanaTV
29.06.2015ж. 20:00
1310
«Жасыл экономиканы» дамытуды жолға қою үшін, тоғыз бірдей заң жобасына өзгерістер енгізілуде

Елімізде «жасыл экономиканы» дамытуды жолға қою үшін, тоғыз бірдей заң жобасына өзгерістер енгізілу үстінде. Бұл туралы «Айқын тариф» жобасының жетекшісі, депутат Светлана Романовская мәлімдеді. Бүгін жұмыс тобы жауапты министрлік өкілдерімен кездесті.{Жасыл экономикаға көшу мақсатында елімізде бірқатар бағдарламалар қолға алынған. «Нұрлы жол», «100 қадам», «Энергия үнемдеу 2020» жобалары да бұл мәселені айналып өтпейді. Бір айта кетерлігі қазір энергия үнемдегіш қондырғылардың құны шамамен 30-40 пайызға арзандаған. Мәселен, Астанаға жақын орналасқан Вячеславск ауылындағы орта мектеп энергия көзі ретінде күннен қуат алатын қондырғы орнатқан. Осының арқасында мектеп оқушылары да энергияны үнемдеу қажеттігі жөнінде жақсы хабардар көрінеді. Жиынға қатысушылар үнемшіл ұлт болуды жастардың санасына сіңіру керектігін айтады. Әлеуметтік нысандарды энергияның балама көздерімен қамту қажеттігі де ұсынылды.{+СНХ}

Светлана Романовская ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» фракциясының мүшесі:

Біз әлеуметтік жауапкершілігі жоғары өскелең ұрпақ тәрбиелеуіміз керек. Олар құбырдан босқа ағып тұрған су сол ресурстың сарқылуына әкелетінін ұғуы тиіс. Салдарынан сенің болашақ балаң ауыз сусыз қалатынын да түсінетін болады. Электр энергиясына қатысты да солай. Бұл ресурстар қазір елімізде артығымен бар, бірақ біз болашақ ұрпақ жайлы ойлауымыз керек.

Мөлдір ДЮСЕКИНА