LG
Electronics жаңа өнімімен қуантты. Компания LG G4 инновациялық смартфонын
таныстырды. Осы шараға орай Алматыда арнайы концерт ұйымдастырылды. LG
Electronics компаниясы ұсынып отырған LG G4 IPS Quantum Display дисплейі алғаш
рет қолданылып тұрған инновациялық үлгі. Былғарымен қапталған телефонның
камерасын қолмен де басқаруға болады. Сөйтіп ол қараңғыда да сапалы суреттер
түсіріп бере алады. Концертке Бүркіт бастаған отандық жұлдыздар мен шетелдік
өнер өкілдері қатысты. Сонымен қатар арнайы қонақ ретінде Илья Ильин шақырылды.
Мұндай тосын сыйды LG Electronics өздерінің өнімдерін алып, компанияға
адалдығын танытып келген тұтынушылары үшін арнайы ұйымдастырды. LG техникасын
сатып алғандар концертке тегін кіру мүмкіндігіне ие болды. Өйткені LG G4
смартфонының Қазақстан нарығына шығуы сенсациялық жаңалық және шынайы мереке, -
дейді ұйымдастырушылар.
Дахюн
Сонг, LG Electronics компаниясының Ресей және ТМД елдеріндегі президенті:
Жақында
біз LG G4 смартфонын таныстырдық. Ал бүгін қазақстандық тұтынушылардың есінде
қалатындай ерекше концерт ұйымдастырып отырмыз. Шоу бағдарлама көрермендер
көңілінен шығып, тұтынушылар G4-ке лайықты баға береді, - деп сенем.
Арнайы
концерттің шымылдығын Бүркіт пен Аиша ашты. Жанды дауыспен ән шырқаған мега
жұлдыздар көрерменнің көзайымына айналды. Дима Билан жақында алған «Үздік
мерекелік шоу» премиясына лайық екенін тағы бір мәрте дәлелдеп берді.
Мерекелік
шараның арнайы қонағы ретінде спорт саласының жұлдызы Илья Ильин шақырылды.
Олимпиада және әлем чемпионы олимпиадалық ойындарға дайындығын да ысырып қойып,
LG -дің концертіне қатысты. Сахнаға G4 смартфонын алып шыққан Ильин өзінің
әсерімен бөлісті.
Илья
Ильин, LG Компаниясының Қазақстандағы брендтік келбеті:
Мына
жерде Илья Ильин деген менің атым бар. Мақтауымды асырып, жер шарының үздік
спортшысына, - деп жазып қойыпты. Маған өте ұнайды. Туған күніме сыйлады. LG
компаниясы өзінің әріптестеріне үлкен құрмет көрсеткеніне тәнтімін. Біз тек
қана әріптес емеспіз, жақын дос болып кеттік.
Оңтүстік
Кореядан Қазақстанға, жалпы ТМД өңіріне алғаш рет келген әнші PSY мерекелік
шараның көркін қыздыра түсті. Танымал болған Gangnam Style әнімен
көрермендердің көңілін бір көтеріп тастады. Жалпы LG G4 тұсукесеріне арналған
мерекелік шара қазақстандықтардың есінде біраз уақытқа дейін қалары сөзсіз.
Айгүл
ӘДЕПБАЙ