$526.5 €611.64 ₽6.72
×

14 жасар бала Құран Кәрімді жатқа біледі

AstanaTV
29.06.2015ж. 20:00
3991
14 жасар бала Құран Кәрімді жатқа біледі

4 жасар қари хафиз атанған Дулат Болатбекұлы 666 аят пен 114 сүреден тұратын Құран кәрімді жатқа оқиды. Қасиетті кітапты Дулат 12 жасында жаттап алған. 600 беттен тұратын кітаптағы аяттарды есте сақтауға бір жылдай уақыты кеткенін айтады. Ол биылғы республикалық Құран жарысында топ жарып, бас бәйгеге тігілген көлікті де ұтып алды. Болашақ мамандығын жас қари дін жолымен байланыстырады. {+снх }

Дулат Болатбекұлы, қари хафиз:

Қажет болды сондай өте. Жаттағым келді сол Құранды. Өте үлкен бақыт бұл. Қанша адам хафиздер өткізгісі келіп жүр. Бірақ Алла қаламай жатыр. Алла осы біздің төрт хафизімізді қалап тұрған екен. Осы үлкен әсем мешітте хатым өткізуге.

Серікбай Қажы Ораз, Әзіреті Сұлтан мешітінің бас имамы:

Мен ойлаймын осының өзі біздің тәуелсіздігіміздің арқасындағы діни сенім еркіндігіміздің және біздің елеміздегі дінге деген әсіресе, жастар арасындағы бетбұрыс, дінді түсініп қана қоймай, оның барша терңдеп білім алуға деген құлшынысты байқатады деп.

Дулат қасиетті Ораза айында оқылатын тарауық намазына имамдық етіп жүр. Жас қаридің бастауымен мыңдаған адам Құранды хатым етуде. Дулат жаттап алған сүрелерін күнделікті қайталап отырудан жалықпайтынын айтады.

Айгүл ӘДЕПБАЙ