$529.44 €617.06 ₽6.76
×

АҚШ Президенті Барак Обама Иранға құпия хат жолдады

AstanaTV
30.06.2015ж. 10:00
1158
АҚШ Президенті Барак Обама Иранға құпия хат жолдады

«АҚШ Президенті Барак Обама, Иранға құпия хат жолдады. Әзірге осы ақпарат қана белгілі. Бұдан өзгесі құпия»,-деп жазады ирандық басылымдардың бірі. Құпия құжатты жеткізген Ирактың премьер-министрі Гейдар әл-Эбади болуы мүмкін деген болжам бар. Жалпы, Иран мен «алтылық» арасындағы ядролық бағдарламаға байланысты қабылданған келісімнің күшіне енуін растайтын құжат, бүгін қабылдануы тиіс. Алайда, сарапшылар: «бұл үрдіс тағы бір аптаға созылуы ықтимал» деген болжам жасады. Дегенмен уақыт тым аз. «Алтылық» мемлекеттері, нақтырақ айтсақ, Ресей, АҚШ, Қытай, Ұлыбритания, Франция және Германия, Иранмен ядролық бағдарламаға қатысты келіссөздер жүргізуде. Сәуірдің 2-сінде бұл істе ілгерілеушілік болғаны рас. Алайда, қорытынды келісім-шартты қабылдау 30-шы маусымға белгіленді. Дейтұрғанмен, «келісімнің мәтіні толыққанды әзірлгенбеген»,-дейді бұл салаға жауапты мамандар. Бүгінде қорытынды құжатты дайындауға атсалысу үшін Венаға келіссөздер жүргізген елдердің дипломаттары жиналуда. Сарапшылар талқылау шілденің 6-сына дейін созылуы мүмкін дегенді айтады.

Әсем МҰХИТОВА