Ресейліктер Грекияның
жылжымайтын мүліктерін жаппай сатып алуда. Жыл басынан бері қымбат баспана
иемденемін деуші ресейліктер қатары 30-50 пайызға артқан дейді жергілікті
риелторлар. Бұған Грекиядағы қаржылық дағдарыс түрткі болған, деп хабарлайды
«РБК». Риелторлардың өздері де, елдегі экономикалық жағдайға қарамастан
қалталарын қалыңдатуға әрекеттеніп жатыр. Ресейліктерден Қытайлықтар да
қалыспай Грекия астанасы Афинадан жаппай үй сатып алуға көшті. «Ресейліктер
Грекияны бекер таңдаған жоқ»,- дейді сарапшылар. 2009-жылы басталған
дағдарыстан бері, грек елінде элиталы баспана құны 50 пайызға арзандаған.
Эконом және орташа класстың жылжымайтын мүлкі 20-30 пайызға төмендепті. Соған
қарағанда биыл Грекия баспаналары ең төмен бағаға саудалануда.
Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА