$541.82 €627.1 ₽6.78
×

Афины бүгін дефолт жариялауы мүмкін

AstanaTV
30.06.2015ж. 13:00
Афины бүгін дефолт жариялауы мүмкін

Грекия үкіметінің басшысы Алексис Ципрас алдағы референдумда халық кредиторлардың талабын қолдап, қатаң үнемдеу тәртібіне көнсе, өз орнын босататынын айтты. «Рейтерс» агенттігінің ақпарынша, бұл Халықаралық валюта қорынан жаңа несие алудың басты алғы шарты. Ал Афина орталығында жаппай ереуіл шаралары жалғасуда. Төмен жалақы мен зейнетақыдан әбден жалыққан жұрт, Парламент ғимараты алдына шығып, қатаң үнемдеу саясатына қарсылық білдіруде. Жұрт 5 шілдеде өтетін референдумда кредиторлардың үнемдеу туралы талабына «жоқ» деп жауап бермекші. Айта кетейік, Грекия Халықаралық валюта қорына бір жарым миллиард еуро қарыз. Мамандардың айтуынша, елде қаржы жоқ. Ал бұл «Афина бүгін кешке қарай дефолт жариялауы мүмкін», - деген сөз.

Жұрағат БАМАН