Чад астанасы Нджаменаға жақын маңда, полиция жасағы исламшылардың базасын жойып жіберді. Бұл туралы «Рейтерс» агенттігі хабарлайды. Арнайы операция барысында 6 содыр мен 5 тәртіп сақшысы мерт болған. Полиция басып алған базада, арнайы қару сақтайтын құпия орын табылды. Онда қолдан жасалған жарылғыш заттар мен 8 миномет бар болып шықты. Ал, 28-маусымда Чад Ішкі Істер Министрлігі Нджаменадағы лаңкестердің жасырын қоймасының тас талқанын шығарған. Қарулы қақтығыс кезінде жалпы саны 60 адам тұтынқындалған. Қолға түскендердің көбі Чад, Нигерия, Камерун және Мали мемлекетінің тұрғындары. Олар негізінен «Ислам мемлекетінің», «Батыс Африка провинциясы» деп аталатын терроистік тобынан болып шықты. Аталған топ бұған дейін «Боко Харам» деген атымен белгілі болған. 2002-жылы құрылған бұл лаңкестік топ, Нигерия мен көршілес елдерде теріс қимылдар жасаған. «Боко Хаарам» жақтастары шариғат негіздерін енгізу мен Батыс әсеріне қарсы күрес жүргізіп келеді.
Данияр ӘЛІМҚҰЛОВ