Қытай
Халық Республикасының Қазақстандағы елшілігі мен «Жібек жолы» Бейбітшілік
Премиясы қоры «Қазақстан Республикасы президентінің бейбітшілік бастамалары»
атты семинар өткізуде. Жиында Қазақстан басшысының әлемдік саяси-экономикалық
жағдай мен бейбітшілік жолында сіңірген еңбегі сөз болуда. Жиынға
Қазақстан-Қытай саясаткерлері, мұнай және газ саласында қызмет ететін
компаниялардың басшылары қатысуда. Қытай тарабы қазақ елімен арадағы
қарым-қатынасты тек экономикалық табысты алыс-беріс емес, стратегиялық маңызды
тарихи байланыс деп атады.
Чжан
Ханьхуй, ҚХР Қазақстандағы елшісі:
Қытай
саясаткерлері мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың әлемдік бейбітшілікке
қосқан үлесін жоғары бағалауда. Аспан асты елінің саяси қауымдастығы мен
кәсіпкерлік ортасы елбасы жариялаған соңғы мемлекеттік бағдарламаларға жоғары
қызығушылық танытады. Қазақстандағы Қытай елшісі екеуара байланысты
стратегиялық тарихи ынтымақтастық деді.
Қазақстан
тәуелсіздік алғалы бергі кезеңде
Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен дамудың ауыр жолынан өтті. Президент
елдің егемендігін сақтап қалу мен тұрақтылықты орнатуда және әлемде бейбітшіліктің дамуына өлшеусіз үлес
қосты. Назарбаевты Қазақстанның барша халқы қолдайды. Ол бірегей көшбасшы.
Әлемдік деңгейдегі саясаткер.
Азамат
Алдоңғаров, тілші:
Семинар
жұмысы ертең де жалғасады. Ол «Бейбітшілік және келісім сарайындағы» «Жібек жолы экономикалық белдеуі - түрлі
цивилизацияларға сыйластық» атты сурет көрмесіне ұласады деп күтілуде. Көрмеде
Халықаралық суретшілер одағының «Бейбітшіліктің халықаралық суретшілері» арнайы
төсбелгілері табысталады деп жоспарлануда.
Азамат
АЛДОҢҒАРОВ