Тунис
билігі курортты қала Сустағы жағажайлардың бірінде адамдарға шабуыл жасады
деген күдікпен бір топ адамды тұтқындады. Бұл туралы Рейтерс агенттігі Тунистің
Ішкі істер министріне сілтеме жасап хабарлады. Тунистің Ішкі істер министрі
Наджем Гарсалли бір топ күдікті ұсталғанын растап отыр. Алайда, нақты қанша
адамның қолға түскенін айтпады. Министрдің сөзінше, қонақ үй күзеті полицияны
уақытылы хабардар еткенде көптеген адамның өмірін аман алып қалар еді. Гарсалли
қанды теракт қарулы күштердің жүйелі жұмыс істемеуі салдарынан болды,- деп атап
өтті. Өйткені, «содырларға шабуыл жасамас бұрын тоқтатуға мүмкіндік болған
еді», - дейді министр. Қазіргі күні Тунис билігі туристтік аймақты күзетуге
қосымша мыңнан аса қарулы тәртіп сақшыларын жұмылдырған. Тергеу жұмыстарына
алты жүзден астам британдық полиция қатысуда. Еске салайық, өткен жұма күні Сус
қаласының жағажайында туристерге оқ атқан адамның қолынан 39 адам қаза тапты.
Тағы он шақты турист зардап шекті. Олардың дені Британия азаматтары.
Наджем
Гарсалли, Тунистің Ішкі істер министрі:
Біз
осы террористік актіге күдікті деп танылған ұйымның шағын тобын тұтқындадық.
Олардың барлығы Тунис азаматтары.
Тергеу
жұмыстарын енді ғана басталғандықтан барлық ақпаратты кейін қосымша тарататын
боламыз.
Берік
ХАСЕНОВ