$543.24 €619.89 ₽6.78
×

Ауғанстанда Гор провинциясының басшылығына әйел тағайындалды

AstanaTV
30.06.2015ж. 13:00
Ауғанстанда Гор провинциясының басшылығына әйел тағайындалды

Ауғанстанда Гор провинциясының губернаторы болып әйел тағайындалды. Бұл туралы Ауған телеграф агенттігі хабарлайды. Сима Джовенданың кандидатурасын Жергілікті басқару департаменті ұсынған. Ал, Ауғанстан басшысы Мұхаммед Ашраф Ғани оны қолдады. Жаңа басшы Гор аумағының тумасы, бұған дейін ол төменгі палатада депутат ретінде аймақтың біраз проблемаларын көтерген. Сима Джовенда қызмет жолында Білім және ауылды дамыту министрліктерінде жұмыс істеген. Ол Ауғанстан тарихындағы үшінші әйел губернатор. Мұндай лауазымға алғаш рет Хамид Карзайдың тұсында Хабиба Сораби тағайындалған. Осы жолғы тағайындау Ашраф Ғанидың саясатқа әйелдердің араласуына қарсы еместігін білдірсе керек.

Мөлдір ДЮСЕКИНА