Шымкентте
лаңкестік әрекет туралы жалған хабар берген азамат ұсталды. Оны құрықтауға
полицейлер мен арнайы жасақ өкілдері жұмылдырылған. Бұл туралы Ішкі істер
департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Кеше түнгі сағат 23:30 шамасында
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің кезекші бөліміне белгісіз біреу қоңырау шалып,
Шымкенттегі көп қабатты үйлердің біріне жарылғыш зат қойылғаны жайлы
хабарлайды. Оқиға орнына полиция қызметкерлері мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті
департаментінің мамандары, құтқарушылар мен жедел жәрдем дәрігерлері шұғыл
жеткен. Айнала қоршауға алынып, көп қабатты үй мен оған жақын нысандардан
адамдар қауіпсіз жерлерге шығарылған. Шұғыл операция нәтижесінде арнайы жасақ
52 жастағы ер кісіні қолға түсірді.
Салтанат
Қаракөзова, ОҚО ІІД Баспасөз хатшысы:
Оған
байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабы бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі
тергеу жүргізіліп жатыр. «Арлан» арнайы жасақ бөлімінің қызметкерлерімен
ешқандай жарылғыш зат анықталмады. Хабарлама жалған болып отыр.
Мөлдір
ДЮСЕКИНА