$543.24 €619.89 ₽6.78
×

Мәскеуде Қазақстан президентіне арнап жазылған кітаптың тұсаукесер рәсімі өтті

AstanaTV
01.07.2015ж. 20:00
Мәскеуде Қазақстан президентіне арнап жазылған кітаптың тұсаукесер рәсімі өтті

Қазақстан президентінің өміріне арналған тағы бір кітаптың тұсауы Мәскеуде кесілді. Сыртқы Істер Министрлігінің қолдауымен жарыққа шыққан жинақтың таныстырылымына ТМД елдері мен бірқатар Еуропа дипломатиялық миссиясының өкілдері қатысты. Елбасына арналған кітап «Жасампаз. Нұрсұлтан Назарбаев: Ресейден көзқарас» деп аталады. Еліміздің сыртқы істер ведомствосының қолдауымен, Ресейдің Журналистер одағы басып шығарған жинақ 400 беттен тұрады. Қазақстан Президенті туралы кітапты Всеволод Богданов, Владимир Губарев, Леонид Млечин сынды 8 қаламгер жазған. Олардың барлығы «Ресейдің алтын қауырсындары» атағын алған белгілі публицисттер. Туындыда авторлардың бірі Нұрсұлтан Назарбаевтың реформаторлығына, енді бірі оның ядролық қарудан бас тартқан батыл қадамына тоқталған.

Владимир Губарев, жазушы, кітап авторларының бірі:

Назарбаев әлемдегі, адамзат тарихындағы мұндай жойқын қарудан өзі бас тартқан алғашқы адам. Себебі сол кезде, Қазақстан ядролық қаруды ұстап тұратын болса, барлық күшін соған жұмсап, қазіргідей дамып кете алмас еді. Мұны біз енді түсіндік. Ал Нұрсұлтан Назарбаев оны осыдан 24 жыл бұрын білді.

Берік ХАСЕНОВ