Индонезияның
Медан қаласында ұшақ апатының қалдықтарын құтқарушылар әлі аршып жатыр. Еске
салайық, Сумарта аралының орталығында әскери ұшақ қонақ үйдің үстіне құлаған
еді. Соңғы ақпаратқа сай бұл апаттан 100 шақты адам қаза тапты. Олардың саны
әлі де артуы мүмкін, - деп хабарлайды Рейтерс. Лайнер Медандағы әскери базадан
Натуна аралына бағыт алған. Куәгерлер ұшақтың дәл қонақ үйдің төбесіне
құлағанын айтады. С-130 әскери әуе техникасының сынықтары екі бірдей тұрғын
үйді басып қалған, электр желілері де үзіліп кетті. Бортта 12 экипаж мүшесі мен
бірнеше жолаушы болғанға ұқсайды. Олардың саны әлі нақтыланған жоқ. Жергілікті
ақпарат құралдары ұшақтың әуеге көтерілген бетте ақ сыр бергенін жазады. Бірақ
әскери базаға қайтып оралу мүмкін болмаған.
Мөлдір
ДЮСЕКИНА