Елорданың автобустарында тегін
«wifi» желісі іске қосылды. Жоба Астана қаласы әкімдігі, «Астана innovations»
инновациялық даму операторының,сондай-ақ,«Астана LRТ» серіктестігі мен
мобильдік оператордың қолдауымен іске асты. Айта кетерлігі, «WiFi Bus» жобасы
2013 жылы бастау алған. Содан бері Қазақстанның 8қаласында, атап айтсақ
Қостанай, Көкшетау, Қарағанды, Қызылорда, Петропавл,Түркістан, Орал және Алматы
қалаларында ғаламторға тегін қосылатын желісі бар 200-дей қоғамдық көлік
жүргізілген. Ұйымдастырушылардың айтуынша,аталмыш жоба қоғамдық көліктің
беделін көтеру, жүргіншілердің ақпаратқа қол жетімділігін қамтамасыз ету,
заманауи коммуникациялық сервистерді дәріптеуді мақсат тұтқан. Осылайша қала
тұрғындары арасында IT-сауаттылықтың деңгейін арттыруға септігін тигізбек. Айта
кетейік, бүгін Астанада тегін «wifi» желісі бар 100 автобус бағытқа
шықты.Олардың санын 400-ге жеткізу жоспарланған. «Жақын болашақта шахардағы
барлық автобустарда WI-FI модульдер орнатылады»,- дейдi жауапты азаматтар.
Батырбек Мусин, мобильдік
оператор өкілі:
Енді қазақта мақал бар. Көш -
жүре түзеледі деген. Сондықтан қандай да бір кемшіліктер болса сөкпеңіздер.
Түгел жұмысты жасап, келешекте «АстанаLRТ» жобасымен түгел автобус паркіне
сондай қызмет ұсынамыз ба деген ойымыз бар.
Жұрағат БАМАН