Ақтөбеде
кәсіпкерлердің құқығына қол сұғуды әдетке айналдырған шенеуніктер баршылық.
Олар, әсіресе сәулет және құрылыс бөлімінде көптеу сияқты. Белгілі болған фактілерге сүйенсек, соңғы
жарты жыл ішінде өңірдегі 2 мыңға жуық бизнес өкілінің қызметіне мемлекеттік
органдар тарапынан кедергі келтірілген. Бұл туралы облыстық прокуратура жанында құрылған
кәсіпкерлер құқығын қорғау штабының кеңейтілген отырысында мәлім болды.
Жиынға «Атамекен» ұлттық палатасының
өкілдері де қатысты. Бас қосуда сөз алған Ғани Қасымов бизнес саласында
күрмеулі мәселе шаш етектен екенін айтты. Бүгінде республика бойынша 6 мыңнан
астам азаматтың арызы ұлттық кәсіпкерлік палатаның қарауында жатқанын жеткізді.
Әсіресе құрылысқа қажетті құжаттарды рәсімдеуде қиындықтар көптеп кездеседі
екен. Арызданып келетін кәсіпкерлер құрылыс жұмыстарына қарағанда қажетті
қағаздарды жинауға көп уақыт жоғалтамыз дегенді алға тартады.
Ғани
Қасымов, «Атамекен» ҰКП Парламент Сенатының өкілі:
Орташа
бір ғимаратты салу үшін шамамен 50-ге жуық құжат қажет. Шынына келгенде одан да
көп. 60 құжат. Бұл бастапқысы. Олардың әрбіріне 15-20 анықтама тағы талап
етеді. Осылардың барлығына кәсіпкерлер
шамамен 500 жұмыс күнін жоғалтады.
Мансұр
ЕСХОЖИН