$543.24 €619.89 ₽6.78
×

Бүгін Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Премьер-министр Кәрім Мәсімовті қабылдады

AstanaTV
30.06.2015ж. 20:00
Бүгін Ақордада Мемлекет басшысы  Нұрсұлтан Назарбаев Премьер-министр Кәрім Мәсімовті қабылдады

Бүгін Ақордада Мемлекет басшысы  Нұрсұлтан Назарбаев Премьер-министр Кәрім Мәсімовті қабылдады. Кездесуге сондай-ақ Президенттің көмекшісі Ербол Орынбаев та қатысты. Бұл жөнінде Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды. Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов Президентті «Нұрлы жол» бағдарламасының жүзеге асырылу барысымен таныстырды. Сондай-ақ елді индустриялық-инновациялық дамыту мемлекеттік бағдарламаларының орындалуындағы негізгі мәселелер жөнінен хабардар етті. Мемлекет басшысының назарына Премьер-министр  Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссияның бес институционалдық реформаны жүзеге асыруға бағытталған жұмысының алдын ала қорытындыларын ұсынды.

Базаргүл ОТЫНШИЕВА