Пәкістанның
Карачи қаласында аптап ыстықтан кондиционерлер мен желдеткіш құралдарға сұраныс
күрт артқан. Елдегі трейдерлер қауымдастығы мұндай жағдай бұрын-соңды
болмағанын айтады. Қауымдастық төрағасы Мұхаммед Ризвана Ирфаның айтуынша
сұраныс бүгінде 60-70 пайызға артып отыр. Ол мұны сынап бағанасының 45
градустан түспей тұрғанымен және рамазан айымен байланыстырады. Еске
салайық, аптап ыстықтан Пәкістанда 1300-дей адам көз жұмды. Оның 1200-і Карачи
тұрғындары. Ауа райының қатты ысуынан бөлек, Пәкістанда электр қуатының
сағаттап болмай қалуы да адамдарды абыржытып жіберді. Қаладағы ауруханалар
науқастарға лық толған. Олардың көпшілігі басынан күн өтіп сырқаттанғандар.
Мөлдір
ДЮСЕКИНА